Алматылық жас әке келіншегін перзентханаға жеткізген полицейге алғыс айтты

Алматылық жас әке келіншегін перзентханаға жеткізген полицейге алғыс айтты
Сурет: Almaty.tv

Ақ халаттылар мен тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

Перзентханада тұңғышымен алғаш қауышқан алматылық Зекир Шерипов полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Жұбайының толғағы басталып, кептелісте тұрып қалған азамат амалсыз полицейлерден көмек сұраған екен. Бірге жүріп отырып, перзентханаға бар-жоғы 20 минутта жетіпті. "Ол болмағанда, жағдайдың қалай болары белгісіз еді", - дейді әке.

Зекир бұл күні ақ халаттылар мен тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

«2311 нөмірлі Hyundai ellantra көлігін тізгіндеген полиция қызметкеріне алғысымды айтамын! Аласұрып жүріп, тіпті атын да сұрамаппын. Толғатып жатқан келіншегіммен перзентханаға дейін бірге жүруді өтініп едім, еш ойланбастан келісті. Бүгін, міне, тұңғышыммен алғаш рет кездесіп, қуанышым қойныма сыймай тұр», - деді қала тұрғыны Зекир Шерипов.