Алматылық төтенше жағдай қызметкері өрттен баланы құтқарды

Алматылық төтенше жағдай қызметкері өрттен баланы құтқарды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкері бос уақытында баланы өрттен аман алып қалды.

 2023 жылдың 28 желтоқсанында РОСО ТЖК құтқару жасағының құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев тәуліктік кезекшіліктен шығып үйіне оралғанда Шаңырақ-2 ықшамаудандағы көрші үй өртеніп жатты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алғашында үйде ешкім болма жоқ деген ақпарат алады. Алайда, көршінің баласы жүгіріп келіп, үйде досы бар екенін айтқан. Өрт сөндірушілер келгенше, Ұлан мен оның көршісі ломмен ағаш қабырғаны  бұзып, баланы аман алып қалған. Төтенше қызметкері Ұлан балаға еденге жат деп айқайлаған. Содан соң әрекетке көшіп, қабырғаны бұзады. Осылайша 2010 жылы туған бала аман қалды. Бала жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды.

 Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мұхамадиев Ұлан РОСО-да үш жылға жуық құтқарушы болып жұмыс істейді, ол өзін ержүрек құтқарушы ретінде көрсете білді, су қоймаларында және таулы аймақтарда әртүрлі төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бірнеше рет қатысты. Үйленген, төрт баласы бар.