Алматылық студент алты бірдей шетелдік беделді университеттен шақырту алды

Алматылық студент алты бірдей шетелдік беделді университеттен шақырту алды
Сурет: Egemen.kz

Абай университетінің «6В01508-Информатика ағылшын тілінде» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-ші курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға оқуға шақырту алды.

Атап айтқанда: UCL (University College London) - MA Education; King's College London - STEM Education MA; The University of Manchester - MA Digital technologies, communication and education; University of Sheffield - MA Education; University of Reading - MA Education; University of York - MA Education, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Назерке 2019 жылы Алматы қаласындағы №173 физика-математика лицейін «Алтын белгі» белгісімен бітірді. Ағылшын тіліне деген қызығушылығы «Информатика ағылшын тілінде» мамандығына түсуге ықпал еткен. Ол Абай университетінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзінің білімі мен тәртібі арқылы университет мақтанышына айнала білді.