Алматылық полицейлер жезөкшелікпен айналысу дерегін анықтады

Алматылық полицейлер жезөкшелікпен айналысу дерегін анықтады
Сурет: Polisia.kz

Көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен интим салоны анықталды.

Polisia.kz мәліметі бойынша, рейдтік іс-шара барысында жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мекеме "Мамыр" шағынауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан. Тексеру кезінде салонда тоғыз қыз “жұмыс істеп” жүрген. Ғимаратты жалға алушы жауапкершілікке тартылады. Ұсталған қыздар жеке басын анықтау үшін ПБ-ға жеткізілді. Олар - 18 бен 26 жас аралығында, Қазақстанның әр өңірінен келгендер. Сонымен қатар олардың көші-қон заңнамасын сақтауы тексерілетін болады», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.