Алматылық полицейлер сыбайлас жемқорлыққа бір табан жақын

Алматылық полицейлер сыбайлас жемқорлыққа бір табан жақын
Сурет: Halyq-uni.kz

Осы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысында ішкі істер органдарының 123 қызметкері жемқорлық ісімен ұсталған.

Бұл былтырғыдан 12,1 пайызға төмен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Finprom.kz порталының дерегінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің жартысына жуығы пара алу кезінде ұсталды: 61 қызметкер, былтырғыдан 7 пайызға көп.

Тағы 33,3 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтықпен қолға түсті: 41 адам, бір жылда бірден 24,2 пайызға көбейген. 8 адам қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 7 адам пара беру кезінде, 2 адам билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, пара алуға делдалдық жасағаны, сондай-ақ қызметтегі әрекетсіздігі үшін ұсталды.

Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің басым бөлігі - ішкі істер органдары қызметкерлері Алматыда (бір жыл бұрынғыдай 15 адам) және Түркістан облысында (15 адам, бір жыл бұрын 6 адам болған) тіркелді. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары тұр.

Ішкі істер органдарындағы жемқорлар еліміздің 20 өңірінің 17-сінде бар.