Алматылық батыр бала марапатталды

Алматылық батыр бала марапатталды
inform.kz

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов 16 жастағы Амир Аббасовқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқанды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттап, арнайы сыйлық табыстады.

Амир Аббасов 16 маусым күні теңізге батып бара жатырған баланы құтқарған болатын. Теңіз жағасында серуендеп жүрген 16 жастағы Амир суға батып бара жатқан баланы көріп, ойланбастан суға секірді. Өз басын қатерге тіккен Амир Аббасов бұл ерлігін азаматтық борышы санайды.

Алматылық жасөспірімнің өзі де, ата-анасы да Ақтаудың тумасы. Жаз айында Амир Аббасов ата-әжесіне қыдырып келіп тұрады.

«Мен ұлымның бұл ерлігін мақтан тұтамын. Дегенмен сол сәтте ұлымның өмірі үшін алаңдағаным рас. Баламның ерлігін ескеріп, марапаттаған азаматтарға алғысым шексіз. Балаларымыз аман болсын!» - деді Амир Аббасовтың анасы Сәуле Бекмұхамметова.