Алматылық ата-аналар баласын тегін үйірмеге жаза алмады

Алматылық ата-аналар баласын тегін үйірмеге жаза алмады
Сурет: Ашық дереккөз

DamuBala істемей тұр

Бүгін кешкі 18.00-де алматылық ата-аналар үшін баласын үйірмеге кезекке тұрғызу басталды. Алайда көпшілігі кезекке жазыла алмады. Өйткені DamuBala платформасы дұрыс жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жағдайға орай DamuBala жүйесі ресми түсінік берді.

«Құрметті DamuBala жүйесін қолданушылар! Өкінішке қарай, бізге байланысты емес себептермен Алматыда кезекке тұру мүмкіндігі бүгін жүзеге аспады. Кезектің ашықтығы пен оның әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін кезекке тұру ертең, яғни 3 мамыр сағат 18:00-де қайта басталады», - деп жазды тегін үйірмелер мен секциялар бағдарламасының операторы Instagram парақшасында.