Алматылық әйел азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен

Алматылық әйел азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен
Сурет: Polisia.kz

Медеу ауданының полицейлері бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы Т.есімді азаматшаны ұстады. 

Тергеу барысында күдіктінің заңсыз баю мақсатында үйлердің ауласында орналасқан шағын дүкендерге кіріп жүргендігі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сатушылар келушілерге қызмет көрсетумен қолы босамай жатқанда, оның әрекетіне ешкім қарап тұрмаған кезде, ол жәбірленушілердің мүлкін: ұялы телефондар, әмиян немесе басқа да құндылығы бар заттарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның 5 бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды. Қазір оның жеке басы бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Бұл деректер бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру) бойынша тергелуде», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына жүгінеді. Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді, тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 254-48-02; 254-48-10; 8-702-476-6660.