Алматыға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Астана әуежайына қайта оралды

Алматыға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Астана әуежайына қайта оралды
Сурет: Zakon.kz

13 сәуір күні түстен кейін Астана әуежайының маңынан өрт шықты

13 сәуірде техникалық себептерге байланысты елорда әуежайына Алматыға ұшып шыққан ұшақ қайта оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі "Астана-Алматы" рейсін орындау кезінде баптау жүйесінің индикациясы іске қосылғанын атап өтті.

"Ұшақ экипажы әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта жолаушылар әуежайда. Оларға қажеттінің бәрі берілген", - деді SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, резерв ұшақтың ұшу жолағына шығуы күтіледі. 

13 сәуір күні түстен кейін Астана әуежайының маңынан өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қызыл жалын әуе айлағының қызметіне әсер еткен жоқ. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде.