Алматыға апта сайын 2000-ға жуық қана хат келеді екен

Алматыға апта сайын 2000-ға жуық қана хат келеді екен
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы поштасы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Надежда Забурина айтты.

Алматыға көбіне Қытай, Испания, Германия, Бразилия, Молдавия және Ресейден пошта келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазпошта» дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, оған 192 ел кіреді. Олармен пошталық хат алмасулар мен жөнелтулер жүргізіледі.

«Бізде Молдова, Испания, Германия, Ресей, Қытайдан келетін көптеген хат - хабарлар, сәлемдемелер, бандерольдер мен шағын пакеттер бар», - деді Надежда Забурина.

Ол сонымен қатар статистиканы келтірді. Мәселен, 2023 жылдың 8 айында 3 млн 900 мыңнан астам жазбаша хат-хабар қабылданды, шамамен 30 пайызы-халықаралық пошта. Осы кезеңде 1 млн 700 мың пошта жөнелтілімі жеткізілді және тапсырылды, 1 млн 100 мың сәлемдеме берілді.

Өткен жылмен салыстырғанда сәлемдемелер мен хаттарды жіберу 20 пайызға өсті. 

Алматы қаласы бойынша апта сайын 2000-ға жуық хат жеткізіледі.

Сонымен қатар, алматылықтар әлі күнге дейін баспа басылымдарына белсенді жазылушылар қатарынан. Биылғы 8 айда мегаполис оқырмандарына 950 мың баспа басылымы жеткізілді, олар журналдар мен газеттер. 2023 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 1.5 млн данаға жетеді.

Қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бастығы Зульфира Аюпова бақылау мерзімдері бойынша үнемі мониторинг жүргізіліп отыратынын айтты.

«Егер бұрын қала тұрғынының Алматыдан Астанаға жіберген сәлемдемесі 2-3 күн ішінде барса, қазір бізде  «тура сол күні жеткізу » деген жаңа қызмет енгізілді. Ол үшін клиент сағат 12.00 - ге дейін «Қазпошта» бөлімшесіне жүгінуі қажет», - деді спикер.