Алматыдағы Алатау ауданының 4,7 мыңнан астам тұрғыны биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты

Алматыдағы Алатау ауданының 4,7 мыңнан астам тұрғыны биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2021 жылы қабылданған халықты әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Азамат Қалдыбеков бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті Алатау ауданының 1 794 отбасы 624,4 млн теңгеге, ал тұрғын үй көмегін 9,7 млн теңгеге 435 өтініш беруші алғанын хабарлады.

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 764 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 1 390 адам, жастар практикасына 315 адам жіберілді, 200 АЕК көлемінде гранттар 153 адамға, тұрақты жұмыс орындарына 2 698 адам, ал жоба бойынша алғашқы жұмыс орнына – 12 адам орналастырылды, - деді Алатау ауданының әкімі.

Спикер сондай-ақ Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен «Халық Банк» АҚ бірлескен жобасы аясында ауданның аз қамтылған отбасыларының 46 жеке тұрғын үйі орталық газбен жабдықтауға қосылғанын хабарлады.