Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері ашылды

Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері ашылды
Сурет: интернеттен

Рейстер аптасына екі рет қатынайды.

Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелері жолаушыларды бейсенбі және жексенбі күндері тасымалдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазақстан мен Израиль арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырады.