Алматыдан 604 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 604 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Cурет: Egemen.kz

Алматы қаласында сезілген жоқ

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 наурыз күні Алматы уақытымен 13 сағат 17 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 604 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.