Алматыдан 439 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 439 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Рixabay.com

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді.

Магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі таңертең ерте Қырғызстан аумағында Алматыдан 439 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сейсмологтардың мәліметінше, 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Алматыда ауытқу сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.2.

MPV магнитудасы: 4.0.

Тереңдігі: 5 км.

Сезімталдық туралы ақпарат (MSC-64 шкаласы бойынша): жоқ.

23 ақпанда Тәжікстан аумағында екі рет жер сілкінісі болды. Біріншісі 7,0 магнитудасы таңертең болды. Алматы тұрғындары дүмпуді сезінді. Екінші жер сілкінісі күндіз болды, магнитудасы 5,0 болды.