Алматыдан 399 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 399 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі 9 шілде күні таңғы сағат 7:53 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 399 км қашықтықта Қытай аумағында.

Зілзаланың энергетикалық класы - 8.9. МVP магнитудасы - 3.7.

Жер сілкінісі ошағының бағыты - 44.33° с.е. 81.62° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым.

Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.