Әлемде алтын құны арзандады

Әлемде алтын құны арзандады
Сурет: Rbc.ru

Бағалы металдар нарығында жағымсыз үрдіс байқалады.

Соңғы бес күнде алтын бағасы төмендеді. Сауда деректеріне сәйкес, бағаның түсуі жұма күні таңертең байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:41-дегі жағдай бойынша, Нью-Йорк Comex биржасында алтынның тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір трой унцияға шаққанда 1825,85 долларға дейін 4,15 доллар немесе 0,22% төмендеді, деп жазады 1prime.ru.

Шілдедегі күміс фьючерстері 0,14%-ға арзандап, бір унциясы 21,012 доллар болды.

Бағалы металдар нарығында жағымсыз үрдіс байқалады. Бұл жағдай сес сауда сессиясында да байқалды.