Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінді
almaty-akshamy.kz

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді.

  • Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.
  • MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.