Алматыдан 199 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 199 шақырым қашықтықта  жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Қазақстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы – 4,5. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.