Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 100 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Қала маңынан жер асты дүмпуі сезілді

Алматыда төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі сағат 06:32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4.

MPV магнитудасы - 4,9.

Тереңдігі - 30 км.

MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.