Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында дәстүрлі «AЛМА FEST» фестивалі өтіп жатыр

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында дәстүрлі «AЛМА FEST» фестивалі өтіп жатыр
Сурет: Zakon.kz

Қала күнінің басты оқиғасы Тұңғыш Президент саябағында өткен «Алма Fest» дәстүрлі фестивалі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар алма жәрмеңкесін, концерт және түрлі белсенділік көрсетті. Фестивальдің басты алаңында 100 тонна жергілікті алма ұсынылды.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап этно, кино алаңдары дайындалыпты. Ұлттық спорт түрінен күш сынасып жатқандар да аз емес.

«AЛМА FEST» фестиваліне  Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келіп, әр алаңға арнайы барып, көпшілікті қала күнімен құттықтады. Іс-шара өте ауқымды ұйымдастырылған.