Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр

Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр
Сурет: Inform.kz

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғаи өртті жоюға 100 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерді жою бойынша біріккен жасағы – 100 адам, 8 бірлік техника Медеу ауданындағы Сәрсенбаев көшесіне жақын орналасқан, тау бөктеріндегі жанып жатқан құрғақ шөпті сөндіруде»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері, өрттің жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі бар екені мәлім етті.