Алматыдағы метал өңдеу цехында өрт шықты

Алматыдағы метал өңдеу цехында өрт шықты
Сурет:Алматы ТЖД

150 шаршы метр жер өртенген.

Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметкерлері түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтаған. Цехта 150 шаршы метр жер өртенген. Ведомство ақпаратынша, өрт сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.