Алматыдағы эко бекеттер алына ма?

Алматыдағы эко бекеттер алына ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл сұраққа Ішкі істер министрлігі жауап берді.

Игорь Лепеха Алматыда табиғатты қорғау бекеттері қаланың ерекшелігін ескере отырып, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Бұл әкімдіктің бастамасымен жасалды. Қараңыз, бұл жерде әрбір экопостқа қоғамдық тәртіпті қорғайтын арнайы жасақ қойылады. Сондықтан біз Ішкі істер министрлігі ретінде бұл мәселеге сақтықпен қараймыз. Біз бұл тақырыпта Алматы әкімдігімен келіссөз жүргіздік, бірақ олар тікелей талап қойып, бұл қала экологиясына өте елеулі үлес екенін, оларды қалдыру керектігін айтып отыр. Біз де келістік", - деді вице-министр.