Алматыдағы даулы лагерьге қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

Алматыдағы даулы лагерьге қатысты  Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді
Сурет: Тengrinews.kz

Бұдан бұрын прокуратураның тексеруге кіріскенін жазғанбыз.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында министрлік пен қалалық білім басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін дереу жедел мобильді топ құрылды. Мүдделі мемлекеттік органдарға балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізу мәселелері бойынша хаттар жолданды. Бұл мәселе толық шешілгенше Комитет төрағасының жеке бақылауында болады», делінген хабарламада.

Орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, Жастар туризмі және демалысы жөніндегі республикалық қауымдастық төрағасының қатысуымен бірқатар таныстыру кездесулері өткізілді, онда ұйымдастыру мәселелері қаралды;

«Қазақстан - бақытты балалық мекені!» тұжырымдамасы жасалды. Демалыс кезінде балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін, ұсыныстар берілген өңірлерге іске асыруға бағытталған;

Жазғы демалысты дұрыс ұйымдастыру үшін ауысымды дамыту логикасын, оның даму кезеңдерінің әрқайсысында өз мақсаты мен міндетінің болуын болжайтын педагогикалық тұжырымдамаға бағытталған «Жаздық жолдама» жобасын іске асыратын орталықтардың (лагерьлердің) бірыңғай 10 күндік бағдарламасы енгізілді.

«Осы нормалардың қабылдануы демалыстың электрондық тізімін құруды және ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Барлық осы қабылданып жатқан шаралар, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанына қарамастан, қызметкерлер тарапынан немқұрайдылық байқалды», деді комитет өкілдері.

Осыған дейін Алматы қалалық білім басқармасы қызмет берушімен келісімшартты бұзу мәселесі қаралып жатқанын хабарлаған болатын. Алдағы уақытта балалар демалысын жалғастыру үшін басқа орталықтарға жіберіледі.