Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды
сурет: ашық дереккөзден алынды

Аққулар көлде емін-еркін жүзіп жүр.

Хайуанаттар бағының жылы павильонында қыстап шыққан аққулар Алматы ботаникалық бағындағы көліне оралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Су бетінде жүзген қос аққудың видеосы бақтың желідегі парақшасына шықты. Аққулар бақттағы көліне 4 жыл бұрын қоныстанған болатын. Аққулар өте сақ болғанымен, қала тұрғындарынан қорықпайды. Құстар жұбымен ғана жүреді. Жабайы табиғатта 25 жылға дейін өмір сүреді. Сұлулықтың, махаббаттың символына айналған паң аққулардың жанында жұбы ажырамай, бірге жүзіп жүрген үйректерді де көруге болады. Сонымен бірге, ботаникалық бақтың ұжымы аққулар мен балықтарды тамақтандыруға тыйым салынғанын хабарлады.

«Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп-баптау мен қоректендіруге арнайы жалданған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Бұл ретте күнделікті нормасы бар қатаң диета есептелген. Есіңізде болсын, нан, печенье, чипсы сияқты қажетсіз тағамдар аққулар мен балықтарды артық салмаққа, ашытуға, асқазанның бұзылуына денсаулығының нашарлауына әсер етуі мүмкін. Өсімдіктерге ғана емес, біздің үй жануарларына да қамқор болайық», - деп ескертті ботаникалық бақтың ұжымы.