Алматыдағы барахолкада жаппай жол-көлік апаты болды

Алматыдағы барахолкада жаппай жол-көлік апаты болды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Жол апатынан төрт адам зардап шекті. 

Полицияның мәліметінше, оқиға таңғы сағат 8.00-де болған. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі солтүстік айналманың соңынан солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ол қарсы келе жатқан бағытқа шығып кетіп, Nissan Toyota және Isuzu көліктеріне соқтығысқан. Жол апатынан төрт адам жарақат алды.