Қаңтардан бастап көлік моделін құрастыратын жаңа өндіріс желісі ресми түрде ашылады

Қаңтардан бастап көлік моделін құрастыратын жаңа өндіріс желісі ресми түрде ашылады
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Kia Sportage моделі бойынша жаңа өндіріс желісін іске қосқанбыз. Қаңтар айында ашылады және өсім болады деп ойлаймын. Hyundai бойынша келіссөз жүріп жатыр. Қазір олар үлкен инвестициялық бағдараламаны іске қосты. Келесі жылы қытайлық әріптестерімен бірге үш зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша мұнда да жаңа модельдер келеді», - деді министр.