Алматыдағы №142 бағыт сызбасы өзгереді

Алматыдағы №142 бағыт сызбасы өзгереді
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Автобустардың қауіпсіз бұрылуын ұйымдастыру үшін 21 қыркүйектен бастап №142 бағыттың қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Енді Момышұлы көшесі бойымен қозғалыс кезінде автобустар Абай даңғылынан оңға қарай метрополитеннің «Б. Момышұлы» станциясына бұрылады, содан кейін Абай даңғылы мен Яссауи көшелерінің қиылысында қайта бұрылады және Момышұлы көшесі бойымен кері бағытта жүреді. Әрі қарай – сызба бойынша», - делінген Алматы қалалық мобильділік басқармасының хабарламасында.