Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті

Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті
Cурет: Inform.kz

Әншінің мерейтойлық концерті алдағы уақытта Мәскеуде өтеді

Алматыда Әлібек Дінішевтің 70 жылдық мерейтойына арналған жеке концерті өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Концерт Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының залында өтті.

Концерттік бағдарламаға Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты.

Концерт барысында қазақ, орыс халық әндері, сондай-ақ, әлемдік классикалық шығармалар орындалды. Сонымен бірге, мерейтой иесі жаңа туындыларын да орындады.

Әншінің бұл концерті 22 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында және қараша айында Мәскеу қаласында өткізу жоспарланған.

Әлібек Мұсаұлы Дінішев - КСРО Халық әртісі және Қазақ КСР-і мен Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.