«Кімасардағы» қураған ағаштардың жануы ауыздықталды

«Кімасардағы» қураған ағаштардың жануы ауыздықталды
Almaty-akshamy.kz

Өрт-тілсіз жау!

Бүгін  таңғы сағат 5:49-да Медеу ауданындағы Кімасар шатқалы баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқиға орнына ТЖД табиғи өрттерді жою бойынша бірлескен арнайы құрамы - 36 адам, 9 бірлік техника және "Іле Алатауы" МҰТП - қызметкерлері дереу жіберілді.
Таулы тік беткейлерге байланысты өрт сөндіру техникасын жұмылдыруына кедергі келтірді. Осыған байланысты жоғарыдағы тау шатқалының жану ошағына өрт сөндірушілер жаяу көтерілуіне тура келді. Сонымен қатар, құрғақ шөптің 500 ш.м алаңында жеке ошақтар болып жануы анықталды. 


Өртті сөндіру үшін «Ермак» аспалы өрт сөндіргіштері, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) қолданылды. Тұтану орнында жер жыртылып, дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 07:39-да оқшауланды.


ТЖД таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға  ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті жағудан бас тартуды сұрап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.


ҚР Әкімшілік кодексі 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар 100 АЕК - 291 мың 700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тыртылады . Ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.