Алматыда қатты гүрілдейтін 28 автокөлік анықталды

Алматыда қатты гүрілдейтін 28 автокөлік анықталды
Polisia.kz

Демалыс күндері Алматы жолдарында қатты гүрілдейтін 28 автокөлік анықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, оның ішінде көлікті заңсыз қайта жабдықтау фактілерін анықтау үшін жергілікті рейд жүргізді.

– Біз автокөліктердің дыбыс тұншықтырғышындағы резонаторлар туралы айтып отырмыз. Олар гүрілдеген және күркіреген әсерлер тудырады. Мұндай шу азаматтардың тыныштығын бұзады, әсіресе, түнде қаланың ірі көшелерінің бойында орналасқан үйлердің тұрғындары үшін айтарлықтай қолайсыздықтар туғызады. Бұрын хабарланғандай, алдынғы қатардағы бөлімшелер рейдтерді жылдам және шулы көлік жүргізуді ұнататындар жиналатын жерлерде жүргізеді. Осылайша уақытында автокөлік жүргізушілерінің қауіпті маневрлерінің алдын алуға болады. Рейдтердің жалғасып жатқанын атап өткім келеді, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.