Алматыда адамдардың несие тарихының мәселесін «шешіп бермекші» болған күдікті ұсталды

Алматыда адамдардың несие тарихының мәселесін «шешіп бермекші» болған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер алданған адамдар көп екеніне сенімді.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды", – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оннан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, А.есімді ер адам несиелік тарихы нашар адамдарға бұл мәселені «шешуді» ұсынған. Өзінің жұмысы үшін ол қомақты қаржы сұраған. Аңқау адамдардың ақшаны төлеп, күте тұруынан басқа амалы жоқ. Ақшаны алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды. Қазір 10 алаяқтық фактісі дәлелденді. Сонымен қатар жәбірленушілер тек Алматыдан ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларынан жүгінді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов. 


 «Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауыңызды сұраймыз. Осы ер адамның әрекетінен зардап шеккен адамдардың мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-771-1371; 8-705-555-7763», – деді Есен Ысқақов.