Жетісу өңірінде карантин шаралары күшейтіледі

Жетісу өңірінде карантин шаралары күшейтіледі
Сурет: 24.kz

Шектеу шаралары Құрбан айт мейрамына орай енгізіліп отыр.

Шілденің 16-сынан бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Бас санитарлық дәрігер арнайы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №14 «Құрбан айт мейрамын мерекелеу кезінде Алматы облысы тұрғындарының  санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы» ҚАУЛЫСЫ бойынша:

- меншік түріне қарамастан, барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдар көп жиналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

- малды автокөліктерден және жеке үй шаруашылықтарында сатуға тыйым салынады;

- мал сатуды және союды ветеринарлық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою орталықтары мен учаскелерінде (ветеринария қызметі бекіткен тізім бойынша сою алаңдары, аудандардағы учаскелер) ғана ұйымдастыру;

- малды сою тек ветеринарлық анықтамамен жабық режимде, тек тапсырыс және жеткізілім бойынша, келушілерсіз жүзеге асырылады;

- бүкіл аймақтағы мал сою пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейту;

- Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалу (Құрбандық) онлайн режимінде;

- тұрғындарға Құрбан айт мейрамын ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру үшін call-орталық жұмысын ұйымдастыру;

- тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынатын малдың етін) мұқтаж адамдарға тасымалдау мен сақтаудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің талаптарын сақтау, қажетті мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен, тоңазытқыштармен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

- әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың жұмыстың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауын бақылау.

 Құрбан айт мейрамын мұсылман халқы 20-21-22 шілде күндері тойлайды.