Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көше жабылады

Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көше жабылады
сурет: 24.kz

Рысқұлов даңғылындағы көлік қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізіледі. 

Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Рысқұлов — Емцов қиылысындағы жолайрықта құрылыс -монтаждау жұмыстары басталды. Осыған байланысты Рысқұлов даңғылындағы көлік қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізіледі: 1. 2021 жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында түнгі сағат 23:00 -ден таңғы сағат 05:00 -ге дейін Рысқұлов даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы шектеледі. 2. Батыс және шығыс бағыттары бойынша Райымбек даңғылымен жүру үшін Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады. 3. Рысқұлов даңғылының бойындағы басқа көшелерде қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асатын болады.