Алматыда жолаушылар мінген троллейбустан өрт шықты

Алматыда жолаушылар мінген троллейбустан өрт шықты
Cурет: Qazaqstan.tv

Троллейбус төбесі өртенген

Қоғамдық көлік жүргізушісі бағыт бойынша жүріп келе жатып, кенеттен троллейбустың төбесінен қызыл жалынды байқап қалған. Дер кезінде әрі нұсқау бойынша әрекет етіп, жолаушыларды түсіріп жіберген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Содан кейін өрт сөндірушілерді шақырған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін от өшірілген. Троллейбустың төмен вольтты зарядтауы және салондағы төбе төсемі зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.