Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды
Almaty-akshamy.kz

Қалада жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, қаланың көше-жол желісінде Алматы Арена ауданында және Назарбаев даңғылы мен Достық даңғылы, Сәтбаев көшесі бойында жаңа алаңда бөлшектелген брусчаткадан 2 мыңнан астам орын анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта 80 жұмысшы, 30 арнайы техника шығарылды.

Сондай-ақ, 120-дан астам жол белгілері зақымдалғаны анықталды. Бүгінде олардың 80-і қалпына келтірілді. Сонымен қатар, қалада бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, қалада 40-тан астам бағдаршам зақымдалған. Олардың 15-і 9 қаңтарда қалпына келтірілді. 10 қаңтарда 7 бағдаршам объектісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Қаланың көше-жол желісін қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жалғасуда.