Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притон анықталды

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притон анықталды
Сурет: Polisia.kz

Притондардың барлығы сырт көзге жеке коттедждер сияқты көрінген.

Бір қарағанда, басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй сияқты көрінгенмен, іс жүзінде олай болмай шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы бойынша жауапқа тартылды, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заң бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.