АҚШ-та "омикронның" жаңа штамдарына қарсы вакциналау басталады

АҚШ-та "омикронның" жаңа штамдарына қарсы вакциналау басталады
Сурет: Inform.kz

Жаңартылған вакциналары жақсы қорғаныс үшін жасалған.

Өткен аптаның соңында американдық реттеушілер «омикронның» BA.4 және BA.5 жаңа штамдарына қарсы Pfizer/BioNTech және Moderna үдеткіш бір компонентті вакциналарын жаппай қолдануды мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Алдымен Федералдық дәрі-дәрмектер мен өнімдер нарығын бақылау басқармасы (FDA), содан кейін ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары (CDC) рұқсат берді.

Pfizer / Biontech вакцинасын 12 жастан, Moderna вакцинасын 18 жастан бастап қолдануға болады.

FDA және CDC мақұлдауы "омикронның" жаңа штамдарынан халықты жаппай вакцинациялау бүгіннен басталуы мүмкін дегенді білдіреді. 

«COVID-19 жаңартылған вакциналары қазіргі уақытта коронавирустың айналымдағы нұсқаларынан жақсы қорғаныс үшін жасалған. Бұл үдеткіш вакциналар соңғы вакциналаудан кейін әлсіреуі мүмкін қорғанысты нығайтуға көмектеседі. Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса және жасына сай болсаңыз, вакцина алуға ешқандай кедергі болмаса, сізді толықтай  вакциналауға шақырамын», - деді CDC директоры.