Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Сурет: Inform.kz

Алматыда 505 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 684 дерек тіркелді. Одан бір күн бұрын 1859 адамнан инфекция анықталғаны мәлім болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 338 090-ға жетті. 

Соңғы тәуілкте ауырғандардың ішінде: 
Нұр-Сұлтан қаласында - 864, 
Алматы қаласында - 505, 
Шымкент қаласында – 84, 
Ақмола облысында – 89, 
Ақтөбе облысында – 33, 
Алматы облысында - 73, 
Жетісу облысында - 74, 
Атырау облысында - 68, 
Шығыс Қазақстан облысында - 20, 
Абай облысында - 43, 
Жамбыл облысында - 81, 
Батыс Қазақстан облысында - 52, 
Қарағанды облысында - 379, 
Ұлытау облысында - 41, 
Қостанай облысында - 49, 
Қызылорда облысында - 102, 
Маңғыстау облысында - 34, 
Павлодар облысында - 49, 
Солтүстік Қазақстан облысында - 24, 
Түркістан облысында 20 жағдай.