Алматыда жеке үйге ұрлыққа түскен ер адам қолға түсті

Алматыда жеке үйге ұрлыққа түскен ер адам  қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Ұрлық қаланың Наурызбай ауданында болған. 

Полиция қызметкерлері жеке үйден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Белгісіз біреу тұрғын үйге терезеден кірген және жеке мүлікті ұрлаған, материалдық шығын 7 млн ​​теңгені құрады. Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктінің жеке басы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.