Алматыда Жастар күні қалай атап өтіледі

Алматыда Жастар күні қалай атап өтіледі
almaty-akshamy.kz

Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы Алматы қаласы Туризм басқармасымен бірлесіп бірқатар арнайы акциялар жоспарлап отыр.

12 тамыз күні сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жастарға арналған «Көк-Төбе» саябағында екі бағытқа аспалы жолға 20% жеңілдік болады.
14 тамызда сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аспалы жолында жастар үшін тегін көтерілу және түсу ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 12 тамызда барлық ниет білдірушілер Алматының танымал Park Hotel Almaty және Shera Inn Hotel қонақ үйлерінде тұруға 15% жеңілдікті пайдалана алады.

Сондай-ақ, Әл-Фараби даңғылы, 176а мекенжайы бойынша «Hide Park» аумағында Jas Fest-2023 қалалық жастар фестивалі өтеді.

Ал қаланың 8 ауданында келесі мекенжайлар бойынша барлығы кино көре алады:
1. Әуезов ауданы: 12 шағын ауданы, 20 А
2. Наурызбай ауданы: Шұғыла, 347
3. Медеу ауданы: Омаров, 35
4. Бостандық ауданы: әл-Фараби, 176
5. Жетісу ауданы: Айнабұлақ, 2 65 Б
6. Алатау ауданы: Нұркент 5 шағын ауданы, к16-19
7. Түрксіб ауданы: Алтай-1 шағын ауданы, 11 Б
8. Алмалы ауданы: Байтұрсынов, 22к1

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар жастар деп танылады.