Алматыда жасыл желекті автосуарумен қамту 4 есеге аса ұлғайды

Алматыда жасыл желекті автосуарумен қамту 4 есеге аса ұлғайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың қаңтар айында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша жаңа ереже қабылданды.

Соның арқасында 2022 жылдың басымен салыстырғанда автосуарумен қамту 4,4 есеге, яғни 587 га-ға дейін ұлғайды. Өткен жылы 132 га аумақты қамтыған еді.

Автосуару үшін 34 скважина мен су қабылдағыш салынды. Бұл туралы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.

Қаланы көгалдандыру үшін жыл басынан бері 276 мың ағаш пен бұта отырғызылды.  Санитарлық мақсатта 2,3 млн.ағаш өңделіп, апатты жағдайдағы 14,5 мың ағаш кесілді.

Нәтижесінде 2023 жылы жасыл кеңістіктер бір адамға шаққанда 11,3-тен 12,3 шаршы метрге дейін артса, 2024 жылы бір адамға 12,8 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарда бар.