Алматыда жануарларды ұстау ережелері өзгереді

Алматыда жануарларды ұстау ережелері өзгереді
hab.mk.ru

Жыл соңында қалада иттерді ұстаудың және серуендеудің бірыңғай ережелері қабылданады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«10-11-ші шағын аудандарда жарық жеткіліксіз. Мектептен келген балаларды қарсы алу керек, өйткені кешке қарай көше қараңғы, қаңғыбас иттер көп. Иесіз иттерге қатысты мәселені шешіп берсеңіз», - деді аудан тұрғыны.

– 11-ші шағынауданда аулаларды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Барлық қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін жарықтандыру қалпына келтіріледі. Қаңғыбас иттер мәселесі шынында да күрделі. Иттердің адамдарға шабуыл жасау жағдайлары, өкінішке орай, жиілеп кетті. Қалаға иттерді ұстаудың және серуендеудің бірыңғай ережелері қажет. Жануарларды аулауға қатысты әкімдік мәслихатқа ұсыныс енгізбекші. Аталған құжат жыл соңына дейін қабылданып, жаңа жылдан бастап мұндай мәселелер болмайды деп сенеміз, – деп жауап берді қала әкімі.