Алматыда жаңа зертхана ашылды

Алматыда жаңа зертхана ашылды
Сурет: видеодан алынды

Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Алматыдағы «Металлургия және кен байыту институтында» жаңа зертхана ашылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Кен орындарын игеруде тың технологияларды дамытуға бағытталған жоба Қытайдың даму қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Қытайдың ірі ғылыми-зерттеу орталығы, «Жетісу Вольфрамы» кәсіпорны мен отандық «Металлургия және кен байыту институты» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында Сәтбаев университетінің студенттері жаңа зертханада өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби біліктілікті меңгереді. «Ортақ жоба - Қазақстан мен  Қытай арасындағы минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді мамандар. 

- Вольфрам кені дүниежүзінде 4-орында тұрады, қоры жөнінде. Сол осы Жетісу өңірінде. Жылына бұлар 4,5 млн тонна руда өндіреді, екі кен орны бар. Соған ғылыми жұмысқа біз қатысамыз. Сондықтан бұл лабораторияның келешегі өте зор деп ойлаймын, -дейді «Металлургия және кен байыту институтының» бас директоры Бақдәулет Кенжалиев.