Алматыда жаңа медиа форум басталды

Алматыда жаңа медиа форум басталды
Сурет: 24.kz

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бірінші Жаңа медиа форум жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Форумға жиналған спикерлер – цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар заманауи сын-қатерлердің қоғамға тигізетін әсерін талқылайды. Алғашқы форумның арқау еткен жүгі ауқымды.

«Форумның негізгі мақсаты - жаңа медиа алаңда өзекті мәселелерді талқылау және де контент жасаушы авторлардың, блогерлердің, медиа-менеджерлердің, журналистердің пікірін тыңдау. Күні кеше ғана онлайн платформаға байланысты заң күшіне енген болатын. Заңның күшіне енуі медиа саласының тағы бір деңгейге көтерілгенін білдіреді», - дейді New media forum ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бибігүл Құламан.