Көлікке жарнама тағуға бола ма?

Көлікке жарнама тағуға бола ма?
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы көліктерге заңсыз жарнама орнатқан жүргізушілерді анықтап жатыр

Полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта такси режимінде жолаушыларды тасымалдайтын заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзу деректері жиілеп кеткен.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі басқармасының алдыңғы саптағы бөлімшелері жарнамалық құрылымдарды, лайтбокстарды, электронды панноларды, плоттер мен стикерлік жарнаманы орнатуға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұрын хабарланғандай, оларды орнату және көлік құралының борттық желісіне қосу көбінесе ҚР СТ 31306 “Автокөлік құралдары. Сыртқы беттерде жарнаманы орнату”, ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және басқа да техникалық талаптар сақталмай жүзеге асырылады.