Алматыда жаңа №35 маршрут іске қосылады

Алматыда жаңа  №35 маршрут іске қосылады
Сурет: Inform.kz

26 мамырдан бастап жаңа  №35 маршрут іске қосылады.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ертеңнен бастап жаңа №35 маршрутпен жүре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш маршрут Бағаналы Орда көшесінен - Мойылды көшесі - 6-шы көше - Қойтас көшесі - Сүмбіле көшесі - Олжабай батыр көшесі - Қошқарбаев көшесі - Ағайынды Қожықовтар көшесі - Бекболат көшесі - Солтүстік айналма көшелерінің бойымен жүріп өтіп, Рысқұлов көшесіне жеткенде кері бағытта қозғалатын болады.