Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Egemen.kz

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер ізденушілермен кездеседі.

2022 жылғы 19 қазанда сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Арбаттың бойында (Жібек Жолы-Панфилов) жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің техникалық қолдауымен «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жастар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс берушілер қатысады.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер ізденушілермен кездеседі, ал ізденушілер қойылған талаптармен, бос жұмыс орындармен танысады. Өтініш берушілер  түйіндемені жіберуге және сол жерде алдын ала сұхбаттасуға мүмкіндік алады.

Тіркеу уақыты сағат 10:00-де.

Жұмыс берушілердің өтініштерді қабылдау үшін төмендегі поштаға prm@cz-almaty.kz жіберуіңізді сұраймыз және осы +7 (708) 522-44-35 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Толық ақпарат алу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, Достық даңғылы, 85 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.

Тел.: +7 (727) 310 21 31

Электрондық пошта: info@cz-almaty.kz