Алматыда жалған құжатпен жүрген шетелдік қолға түсті

Алматыда жалған құжатпен жүрген шетелдік қолға түсті
Сурет: Inbusiness.kz

Аталған азаматтың 2017 жылдан бері Қазақстан аумағында заңсыз жүргені анықталды.

Алматы халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде шекарашылар жалған құжатпен жүрген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Жазадан құтылу үшін ол деректері өзгертілген жалған құжат алған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің дерегінше, ұсталғанның әрекеті 385-бап (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, жасау немесе өткізу) және 430-баптармен (сот үкімін орындамау) айқындалады. Материалдар полицияға тапсырылды.