Алматыда автобустың антифриз түтігі жарылып жолаушы зардап шекті

Алматыда  автобустың антифриз түтігі жарылып жолаушы зардап шекті
aikyn.kz

Алматыда жолаушылар автобусының антифриз түтігі жарылып, іштегі жолаушыларға шашыраған деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоның шынымен де аталмыш қалада болғанын растады.

«Бір науқас № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің денесінің 3 пайызын күйік шалған. Оған дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Әрі қарай оның жағдайын тұрғылықты жері бойынша тиісті емхана бақылайды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты», – деп мәлім етті басқармадағылар.

Ақау шыққан автобус «Алматыэлектротранс» тасымалдаушы компаниясыне тиесілі болып шықты.